Құқықтық ақпарат
Келтірілген ақпаратпен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз. https://proplan.purina.kz сайтына (бұдан əрі «Cайт») қол жеткізу жəне оны пайдалану үшін келесі шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажет. Сайтқа кіру арқылы сіз осылайша келесі шарттармен келісесіз
Авторлық құқық, тауар белгілері жəне қатысты мəселелер
Сайтта орналастырылған барлық материалдар, тауар белгілері немесе кез келген өзге зияткерлік меншік объектілері Société des Produits Nestlé S.A. (Швейцария) компаниясының меншігі болып табылады жəне заңнамамен қорғалған. Сіз оларды тек жеке мақсаттарда ғана пайдалана аласыз. Сайтта орналастырылған ақпаратты коммерциялық мақсатта кез келген көшіруге, сатуға немесе таратуға тыйым салынған.
Бұл ретте:
Сайттан шамадан тыс, автоматты немесе жүйелі түрде шеттен алып пайдалануға немесе Сайт материалдарын басқа сайт, сервис немесе дерекқор үшін пайдалануға немесе оларды құруға немесе оларды қайта сату немесе тарату мақсатында пайдалануға; немесе Сайттағы кез келген бағдарламалық жасақтамада пайдаланылатын бастапқы кодты адам оқи алатын түрге дейін декомпиляциялауға, кері əзірлеуге немесе басқа жолмен өзгертуге тыйым салынады.
Қолданыстағы заңнамада өзгесі ескерілмеген болса, əкімші өз қалауы бойынша рұқсат ете алатын, тыйым салатын немесе шектейтін кез келген коммерциялық мақсатта пайдалануды қоса алғанда, сіз алдымен Сайтты немесе Сайттағы кескіндерді, фотосуреттерді, мəтінді жəне басқа объектілерді кез келген басқаша пайдалануға рұқсат алуға міндеттісіз.
Сілтемелер
Сайтта көрсетілген сілтемелер сізді басқа ғаламтор-сайттарға бағыттауы мүмкін. «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС (бұдан əрі – «Компания») олардың мазмұнына, жұмыс істеуіне, сондай-ақ деректердің дəлдігіне, құпиялылықты қорғау ережелеріне жəне қауіпсіздігіне жауапты болмайды. Компания өзі сілтеме жасайтын сайттардағы қандай болса да өзгерістерге жауапкершілікті көтермейді. Сайттарда дербес деректерді көрсетпес бұрын, олардың сенімділігін жеке тексеруіңізді міндетті түрде ұсынамыз.
Cookie файлдары
Сайтта ғаламтор-статистика сервистерінің пайдаланылуымен, келушілер туралы иесіздендірілген деректер (соның ішінде «cookie» файлдары) жиналып өңделеді. Ғаламтор-статистика сервистерін пайдалану арқылы жиналатын пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері Сайттағы пайдаланушылардың əрекеттері туралы ақпаратты жинау, Сайт пен оның мазмұнының сапасын жақсарту үшін пайдаланылады.
Міндеттемелер шекаралары
Сіз бұл Сайтты (соның ішінде материалдарды жүктеп алу жəне іздеу) нар тəуекел деп пайдаланасыз. Компания, сондай-ақ Сайтты құруға, əзірлеуге жəне оның жұмыс істеуін қолдап тұруға қатысқан үшінші тұлғалар Сайтты пайдаланушылар оны пайдалануға байланысты шеккен кез келген зиян, айыппұлдар немесе залал (тікелей немесе жанама) үшін жауапты болмайды. Осы Сайттағы барлық ақпарат ешбір анық немесе жасырын кепілдіксіз, соның ішінде сапаға, дəлдікке, белгілі бір мақсаттарға жарамдылығына ілеспе кепілдіксіз «сол күйде» беріледі. Компания сіздің компьютеріңізге немесе Сайтты пайдалану кезінде пайдаланатын басқа құрылғыңызға енуі мүмкін зиян немесе компьютерлік вирустар үшін ешбір жауапкершілік көтермейді. Сіз осы Сайтты пайдалану үшін жеке жауапкершілікті көтересіз
Ақпараттың дəлдігі, толықтығы жəне уақыттылығы
Біз Сайтта ұсынылған ақпараттың дəлдігі мен толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қолда бар мүмкіншіліктерді пайдаланамыз, алайда, біз осы Сайтта жарияланған ақпарат үшін, соның ішінде оның дұрыс еместігі мен толық еместігі жағдайында жауапты болмаймыз. Сіз осы сайтта көрсетілген ақпаратқа кез келген сілтеме үшін жеке жауапкершілікті көтересіз. Осылайша сіз Сайтта орналастырылған материалдар мен ақпаратқа енгізілген өзгерістерді тексеруге жауапты екеніңізбен келісесіз.
Кепілдіктердің жоқтығы
Осы Сайттағы барлық ақпарат еркін қол жетімді жəне «сол күйде» ұсынылған, бұл Компания Сайтта ұсынылған барлық ақпараттың толық, дəл, тексерілген, уақтылы екендігіне, үшінші тұлғаларды қозғамайтындығына кепілдікті қоса алғанда, айқын немесе жасырын кепілдіктерді (соның ішінде сапа, дəлдік, белгілі бір мақсатқа жарамдылық туралы ілеспе кепілдікті) бермейді дегенді білдіреді. Біз осы Сайтқа тұрақты қол жеткізуге, оның жұмыс істеуінде қателердің болмауына, вирустардан қорғалуына, қауіпсіздікке кепілдік бермейміз. Біз Сайтта алынған ақпараттың немесе кеңестердің дəлдігі мен сенімділігіне кепілдік бермейміз.
Сайтқа қол жеткізуді немесе оны пайдалануды тоқтату
Сіз Компанияның кез келген уақытта хабарландырусыз осы Сайтқа немесе оның бөлімдерінің біріне қол жеткізуді шектеу, тоқтата тұру немесе жабу құқығын өзіне қалдыруымен келісесіз. Сайтқа немесе оның бөлімдерінің біріне қол жеткізуді шектеуге, тоқтата тұруға немесе жабуға байланысты Компания сіздің алдыңызда ешбір жауапкершілік көтермейді.
Сайтты өзгерту
Компания кез келген уақытта мерзімді түрде, толық немесе ішінара, уақытша немесе тұрақты негізде Сайтты немесе оның бөлімдерін өзгертуге, тоқтатуға немесе жауып тастауға құқылы. Сайттың немесе оның бөлімдерінің мезгіл-мезгіл, толық немесе ішінара, уақытша немесе тұрақты өзгеруіне, тоқтатылуына немесе жабылуына байланысты Компания сіздің алдыңызда ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Сайтты пайдалану
кез келген зияткерлік меншік құқықтарын теріс пайдаланбауы немесе бұзбауы; Сайтты зақымдамауы, ажыратпауы немесе шамадан тыс жүктемеуі; немесе боттарды немесе қол жеткізудің өзге автоматтандырылған құралдарын пайдаланбауы тиіс;
Қолданыстағы заңнама
Сайтты пайдаланудың осы шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.