Біздің азықтарымыздың барлық рецептілерінде тауық, арқан балық немесе қозы еті № 1 ингредиент болып табылады. PRO PLAN® рациондарының әрқайсысында ет түрлерінің бірі ингредиенттер тізімінде бірінші болып тұрады. Терісі сезімтал жануарларға арналған азықтарда № 1 ингредиент - арқан балық. Ас қорыту жүйесі сезімтал жануарлар үшін – қозы немесе тауық еті. Қалған өнімдердің негізінде тауық еті тұр.
1999 жылы Purina компаниясы өз өнімдерін Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде өндіруге және таратуға қатысты жалпыкорпоративтік саясатты енгізді, ол саясат бойынша біз генетикалық модификацияланған шикізат сатып алмаймыз және пайдаланбаймыз. Осыған байланысты біз біздің жеткізушілерімізбен келісімге қол жеткіздік. Одан басқа, біздің жеткізушілеріміз біз үшін шикізаттың қадағалануын қамтамасыз етеді. Біз өзіміз зертханаларымызда шикізатты бақылау бойынша жекелеген шара қабылдаймыз.
Еуропада, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада Purina компаниясы тек қана құрамында ГМА жоқ соя ингредиенттерін сатып алу мен сапаны бақылаудың қатаң рәсімдеріне сәйкес сатып алады. Өндіріске жетпей жатып, соя шикізатының әр партиясы оның құрамында генетикалық модификацияланған ағзалардың жоқтығы туралы растама алады.
Өзінің көптеген қоректік қасиеттерінің арқасында ГМА қосылмаған соя кейбір PURINA® PRO PLAN® азықтарында жоғары сапалы ақуыздың қосымша көзі ретінде бүкіл құрамның 10% аспайтын мөлшерде қолданылады.
Бұл жаңадан ұнтақталған, жартылай кебектен тазартылған және зарарсыздандырылған жүгері.
Бұл пайымдау екі факторға негізделген (егжей-тегжейлері төмендегі жауаптарда):
- PRO PLAN® - Purina ассортиментіндегі ең озық азықтар желісі.
- PRO PLAN® азықтары қоректік заттардың жоғары биоқолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Біздің зерттеулеріміз бойынша азықтардың құрамында жаңадан мұздатылған тауық етінің таңдаулы кесінділерін пайдалану тауық ұнына қарағанда ақуыздар мен майлардың оңайырақ қорытылуын, сондай-ақ аминқышқылдардың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді (файлдағы деректер). Тамақтың құрамында қанша қоректік заттың бар екендігін білу жеткілікті емес. Осы заттың қандай бөлігі биологиялық қолжетімді екенін анықтау маңызды.
Биоқолжетімділік - бұл ас қорыту жолынан сіңіріліп қана қоймай, бірақ сонымен қатар ағзаға тіндердің пайдалануы үшін жарамды түрде қолжетімді болып табылатын қоректік заттар мөлшері.
Өз кезегінде, СІҢІМДІЛІК - бұл ағзаның тамақтан сіңіріп алған қоректік заттарының мөлшері. Қоректік заттың сіңімділігі осы заттың ағзадан шыққан бөлігімен өлшенеді. Бұл көрсеткіш мақсатты тіндердің пайдалануы үшін нақты қолжетімді қоректік заттар мөлшерін өлшемейді.
Сіңімділігі де, биоқолжетімділігі де тамақтың тағамдық құндылығын анықтаудың көпшілік қолданатын әдістері болып табылатынына қарамастан, биоқолжетімділік маңыздырақ көрсеткіш болып саналады. Тамақтың құрамында қоректік заттардың биоқолжетімділігінің жоғары болуы ағзаның одан барынша көп пайда алатынын білдіреді. Биоқолжетімділік неғұрлым жоғары болса, ішек қабырғалары арқылы, жасушалар мен тіндерді қоректендіру отырып, соғұрлым көп қоректік заттар өтеді. Үй жануарыңыздың денсаулығының жақсы болуы ағза жасушаларының толық қоректенуіне байланысты.
Біздің зерттеулеріміз PURINA® PRO PLAN® өнімдері қоректік заттардың анағұрлым жоғары мөлшері мен биоқолжетімділігін қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді.
Иә, бар. PRO PLAN® VETERINARY DIETS желісіне иттерге де, мысықтарға да арналған гипоаллергенді азықтар жатады. Қазіргі уақытта азықтарды тек құрғақ күйде шығарады. Толығырақ осы жерден біліп алыңыз.
Егер жануар арнайы диетаны қажет етпесе, бұл мәселені ветеринармен талқылаған дұрыс. Сонымен қатар кез келген туындаған мәселелерді талқылау үшін бізге (телефон / электрондық пошта арқылы) хабарлассаңыз болады. PRO PLAN® VETERINARY DIETS желісіндегі кез келген азық ерекше қажеттіліктері жоқ жануарларға сәйкес келе бермейді.
PRO PLAN® VETERINARY DIETS кез келген азықтары күшіктерге сәйкес келе бермейді. Бұл мәселені ветеринармен талқылаңыз немесе бізге (телефон / электрондық пошта арқылы) хабарласыңыз. Біздің мамандарымыз сіздің кез келген сұрақтарыңызға жауап береді.
Тамақтандыру бойынша ұсынымдарды азықтардың қаптамасынан, сондай-ақ сайттағы өнімдердің парақшаларынан көруге болады. Егер сізде азықтың дұрыс мөлшеріне қатысты сұрақтарыңыз бар болса, өтінеміз, бізге (телефон / электрондық пошта арқылы) хабарласыңыз. Біздің мамандарымыз сіздің кез келген сұрақтарыңызға жауап береді.
OPTINUTRITION кешені итіңізге немесе мысығыңызға қосымша қоректік заттар мен ең жақсы ингредиенттерді сіңіріп алуға мүмкіндік береді. Кешеннің құрамындағы барлық компоненттерді сарапшылар мұқият таңдап алған. Әр өнім денсаулыққа қоректік заттардан құралған қуат береді және пайда әкеледі. Біз азықтарымыздың бүкіл әлем бойынша мысықтар мен иттердің саулығы мен амандығының негізіне, сондай-ақ олардың дамуының басты факторына айналуға қабілеті бар екендігіне сенеміз. Сондықтан да PRO PLAN® азықтарының әр порциясында 100% барлық қажетті қоректік заттардың бар екендігіне кепілдік береміз.
Егер осы жерден сұрағыңызға жауап таппасаңыз, бізге (телефон немесе электрондық пошта арқылы) хабарласуыңызды сұраймыз. Біздің мамандарымыз сіздің кез келген сұрақтарыңызға қуана жауап береді!